Атырауда мұз ойылып, әйел өзенге батып кете жаздады

Атырау облысында полицейлер мұз ойылып суға түсіп кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ішкі істер ведомствосының мәліметіне сәйкес, 5 наурыз күні Құрманғазы ауданы Шарон өзені үстінде әйел мұз ойылып суға түсіп, айқайлап көмек сұрайды. Сол уақытта жолдан өтіп бара жатқан тәртіп сақшылары даусын естіген бойда, жедел әрекет жасаған.

Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция қызмет инспекторлары Шынтас Алисұлтан және Батыржан Бақытұлы 32 жастағы әйелді дер кезінде жағаға шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ полицейлер ауа райының жылынуына байланысты мұздың беті жұқарғанын айтты. Ведомство мұзға шығу адам өміріне аса қауіпті екенін ескертеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан кадр
Өзгелердің жаңалығы