Атырауда мұнай өңдеу зауыты апаттық жағдайда тоқтап қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «KEGOC» АҚ электр энергиясын ажыратуына байланысты Атырау мұнай өңдеу зауытының жұмысы тоқтап қалды, деп түсіндірді зауыттың баспасөз қызметі.

Апаттық жағдайдың алдын алу үшін зауыттың отын желісі алау жүйесіне қосылды. Техникалық регламентке сәйкес электрмен жабдықтаудың сыртқы жүйесі тұрақталғанша дейін осы әдіс қолданылады.

Бұл «KEGOC» тарапынан жоспарланбаған ажырату болды. Ол өндіріс жұмысына теріс әсер етті, – делінген зауыт хабарламасында.

Толық ақпарат ақау қорытындысы бойынша белгілі болады. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы