Атырауда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған аудиокласс ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау қаласындағы туғаннан естімейтін немесе кейін келе есту қабілетінен айырылған балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернатқа демеушілер интерактивті панельдері бар екі заманауи «Унитон Форте» аудиоклассын тапсырды.

Бұл мектепте Атырау облысының түрлі аудандарынан 3-18 жас аралығындағы 120 бала оқиды. Аталған сыйлықты демеушілердің көмегімен AYALA қайырымдылық қоры табыстаған. Аудоиклассты жабдықтауға 9,3 млн теңге жұмсалған. 

Бізде негізінен тұрмысы төмен және көп балалы отбасылардан шыққан, сондай-ақ қамқорлықтағы балалар білім алып жатыр. Біздің 50 оқушымыз Атырау облысының шалғай аудандарынан келеді. Біз тәрбиеленушілерімізге олардың дамуы, оқуы және әлеуметтік бейімделуі үшін барлық жағдайды жасау үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Сондықтан бізде үйірмелер мен футболдан спорт секциясы жұмыс істейді. Қордың көмегінің арқасында бізде қазіргі заманғы аудио сыныптар бар. Олар бізге есту қабілетін, сөйлеу қабілетін дамыту бойынша сабақтар өткізуге мүмкіндік береді. Барлық қамқорлықтағы балаларды оқытудың тиімді әдістемесімен қамтуға көмектеседі. Бұл үлкен және өте құнды сыйлық, сондықтан ұжым атынан ЭксонМобил компанияның өкілдігіне алғысымды білдіремін, - деді мектеп-интернаттың директоры Фатима Баймұханова.  

Аудиосынып сабақ кезінде толық есту-сөйлеу ортасын қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Онда бір мезгілде 8 балаға дейін айналыса алады. Оқушылардың жұмыс орындары кіріктірілген микрофонмен жабдықталған. Мұғалім сабақ кезінде радиомикрофонның арқасында сынып бойынша еркін қозғала алады. Оқушының пульті арқылы оның есту аппаратына немесе құлаққапқа оқытушының микрофонынан, өзінің пультінің микрофонынан және сыныптағы барлық басқа оқушылардың пульттерінің микрофондарынан анық және сапалы дыбыс беріледі. Ол сондай-ақ дауыс жұмысының жарық индикаторымен жабдықталған. Бұл сөз ырғағын, сөйлеу қарқынын, үзілісті, сондай-ақ сөз бен сөз тіркестерінің біріктірілген және бөлек айтылуын бақылауға мүмкіндік береді. Мұғалімнің басқару пульті оған сабақ, дәріс режимінде материал беруді таңдауға, оқушыларға орындарынан сауалнама жүргізуге, сондай-ақ оқушыларға сыныптың фондық шуылынан педагог дауысын бөліп естіртуге мүмкіндік береді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы