"Атап айтқанда, мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Мақат» корпоративтік қоры жеке көмекшілердің шарттарында қызмет көрсету уақытын 2-ден 6 сағатқа дейін шектеген. Бұл қолданыстағы заңнаманы бұзу болып табылады, себебі мүгедектердің қажеттіліктеріне байланысты күніне 8 сағатқа дейін қызмет көрсету уақыты қарастырылған", - делінген таратылған ақпаратта.
Прокурорлық қадағалау актісі негізінде жергілікті атқарушы органмен заң бұзушылықтар жойылып, бірінші топтағы 12 мүгедектердің құқықтары қорғалды. Кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.