Атырауда мұғалімдер коронавирусқа қарсы вакцина ала бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда мұғалімдер коронавирусқа қарсы вакцина ала бастады.
«Спутник V» вакцинасын алғашқылардың қатарында облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Айнагүл Дүйсекенова, Атырау қаласындағы №16 Қаражігітов атындағы орта мектептің директоры Алмабек Абдолов, № 20 Пушкин атындағы орта мектеп-лицейінің директоры Гүлнар Қожахметова, Атырау қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Қайрат Қуанышев пен IT мектеп-лицейі директорының орынбасары Айгүл Сейітова салдырды.
Кез келген індеттен қорғанудың, алдын алудың бір жолы – вакцина. Бұған дейін облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен емханалардың дәрігерлері коронавирус инфекциясына қарсы екпенің пайдасы, оның әсері туралы ақпараттар берді. Мұндай вакцина қауіпті вирустан қорғайды. Екпе алған соң қорқынышсыз жүруге болады. Өзімнің саулығым, жақындарымның амандығы үшін вакцина алдым, – дейді облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Айнагүл Дүйсекенова.
Қазір Атырау облысының білім беру саласында 11 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Солардың қатарындағы №16 Қаражігітов атындағы орта мектептің директоры Алмабек Абдолов вакцина салдырудан қорқудың қажеті жоғына тоқталды.
Мұғалімдер елдің келешектегі өркендеуіне үлес қосатын жас буын өкілдерімен тығыз байланыс жасайды. Сол себептен, «Спутник V» вакцинасын ерікті түрде салдыруға бекіндім. Өйткені, біріншіден, өзімнің де, жақындарымның да саулығын ойладым. Екіншіден, мектеп оқушыларына қауіпті вирусты тасымалдаушы болғым келмеді. Ал вакцина салдырғаннан кейін жанама әсерін байқамадым, – дейді Алмабек Абдолов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
60 жастағы қалта ұрысы ұсталды
Келесі жаңалық
Шымкентте бір күндік сәбидің өңешіне күрделі ота жасалды
Өзгелердің жаңалығы