Атырауда мобильді топтар карантин шараларын бұзушыларды анықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда мобильді топтар карантин талаптарын бұзу фактілерін анықтады, деп хабарлады Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
Мобильдік топтар сауда орталықтары мен тамақтану орындарында санитарлық талаптардың сақталуын бақылау кезінде бірқатар заң бұзушылықты анықтады.
Тексерушілер атап өткендей, «Ақжол», «Castle» «Sultan Hall» мейрамханаларында үйлену және мерейтойлар өткізу фактісі тіркелді. Ал «Мұрагер» сауда үйінде маска режимі сақталмаған.
Қаладағы «Фудзи» суши барында қызметкерлер маскасыз және қолғапсыз қызмет еткен. 30-дан астам келушілерімен көзге іліккен «Бармаглот» бары сағат 22:00-ден кейін жұмыс істесе, Жұмыскер кентіндегі «Гүлдияс» дүкені сағат 23:00-ден кейін қызмет көрсетіп, режимді бұзған, - делінген ақпаратта.Атырау қаласында карантин режимін сақтау бойынша рейд жұмысы күнделікті жалғасуда. Облыс бойынша барлығы 110 мобильдік топ жұмыс істеп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шу тұрғынынан ірі көлемдегі есірткі табылды
Келесі жаңалық
Тегін және жасырын. Тұрғындар АИТВ мәртебесін біле алады
Өзгелердің жаңалығы