Атырауда минимаркет өртенді

Атырау облысының өрт сөндірушілері өртті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.

Белгілі болғандай, Атырау қаласы Курилкино ауылы Ж. Ақбердиев көшесі бойында 140 шаршы метр алаңда минимаркет шатырында өрт шыққан.

Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында оттың таралуына жол берілмеді. Өрт 140 шаршы метр алаңда сөндірілді, зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда, - деп атап өтті ведомстводан.

ТЖМ кәсіпкерлерді өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Өзгелердің жаңалығы