Атырауда мемқызметшілер әлеуметтік желілер арқылы есеп берді
Астана, BAQ.KZ. Мемлекеттік қызметшілер Атырау облыстық әкімдігінің ресми парақшалары арқылы тікелей эфирге шығады, деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың тапсырмасы бойынша 2019 жылдың ақпанынан бастап мемлекеттік органдардың басшылары әлеуметтік желілердегі Атырау облыстық әкімдігінің ресми парақшаларында тікелей эфирге шығып, халыққа есеп беруді бастады.
1 ақпанда әлеуметтік желі қолданушыларының сауалдарына облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ұлықбек Тінәлиев пен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы Нұрлы Хабиева жауап берді.
"Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың тапсырмасы бойынша біз әлеуметтік желілер арқылы жасалып жатқан жұмыстар мен жоспарлар туралы айтамыз. Қазір тұрғындардың көпшілігі ақпаратты әлеуметтік желілерден алатындықтан осы үрдісті дұрыс деп ойлаймыз. Біз ашық диалогқа, жұмысымызды анық, адал жасауға қашан да дайынбыз", - дейді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ұлықбек Тінәлиев.
Жұмыспен қамту, жәрдемақы есептеу, өзін өзі жұмыспен қамтып отырған тұрғындардың мәселелері талқыланған тікелей эфир екі сағатқа созылды. Тікелей эфирді 5 мыңға жуық адам қарап, 100-ден астам сұрақ қойылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Танымал диктор Евгений Суслов қайтыс болды
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы