Атырауда мектеп оқушылары уақытша қашықтан оқиды
Атырау қаласында мектептер уақытша қашықтан оқытуға көшеді. Бұған өңірдегі қолайсыз ауа райы түрткі екені айтылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Атырау облысы әкімдігінің хабарлауынша, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары әдеттегі режимде өз жұмысын жалғастырады.
Атырау қаласында қолайсыз ауа райына байланысты 15 қаңтар күні қаладағы 71 мектептің оқушылары онлайн форматта білім алады, – деп жазылған хабарламада.
Айта кетсек, синоптиктердің болжамынша, 15 қаңтарда Атырау облысында қар жауып, жаяу бұрқасын жүретіні, тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болатыны күтіледі.
Бұған дейін, ертең, 15 қаңтарда Астанада бірінші ауысымдағы оқушылар мектепке бармайтыны хабарланған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
АҚШ 75 елдің азаматтарына виза беруді тоқтатты
Өзгелердің жаңалығы