Атырауда медициналық сақтандыру қорына 11 млрд теңге жиналған

Атырау, BAQ.KZ тілшісі.Атыраулықтар медициналық сақтандыру қорына 11 млрд теңге жинақтаған. Мамыр айының өзінде облыс тұрғындары медициналық сақтандыру қорына 619 млн теңге жарна аударған. Оның 95 пайызы жұмыс берушілерден түссе, алған 5 % жеке кәсіпкерлердің аударымы екен. 

«Елбасының «Ұл Жоспары» бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам бағдарламасының 80 қадамында берілген тапсырмасын орындау мақсатында «Міндетті әлеуеттік медициналық сақтандыру» заңы қабылданды. Осы заң аясында Атырау облыстық филиал да осы жүйені насихаттау жұмыстарын жан-жақты жүргізіп жатыр. Айта кететін болсақ, қорға жарнаны жеке кәсіпкерлер 2017 жылдың 31 желтоқсанына дейін аударды, 2018 жылдан бастап 20-шы жылға дейін олар жарна аударудан босатылды. Қазіргі таңда қорда 176 млрд. теңге қаражат тұр, оның ішінде Атырау облысы бойынша бөлінетін болсақ Атырау облысының үлесі 11 млрд теңгеге жетті»,- дейді Алмас Кәрімжанов «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ-ы Атырау облысы филиалының бөлім басшысы. 

Мамандардың айтуынша, 2019 жылдан бастап жұмыс берушілер жалақының 1,5 % аударса, 2020 жылы 2%, ал 2022 жылдан бастап 3 % аударатын болады екен. Жалпы еліміз бойынша жиналған қаражат көлемі 176 млрд теңгеден асқан. Тек мамыр айының өзінде қазақстандықтар қорға 9,5 млрд теңге салған. Бұл қаражаттың барлығы қазір ҚР Ұлттық банкінде сақтаулы тұр. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2020 жылдың қаңтар айынан бастап қазақстандықтарға қызмет көрсете бастайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы