Атырауда мас жолаушының кесірінен пойыз тоқтап қалды

Атырау облысы Кенбай станциясының учаскесінде ер адамның пойыздың "стоп-кранын" жұлып алған, деп хабарлайды BAQ.KZ polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Кесірінен Атырау – Ақтөбе бағытындағы жолаушылар пойызы кестеден тыс тоқтап қалды.

Атырау облысы Кенбай станциясының учаскесінде "стоп-кранын" жұлып алуына байланысты Атырау-Ақтөбе бағытындағы жолаушылар пойызы кестеден тыс тоқтаған. Оқиға салдарынан пойыз 12 минут тұрып қалған. Бұл туралы Көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов айтты.

Тексеру барысында көлік полицейлері Ақтөбе облысының 59 жастағы тұрғынын анықтады. Ол спирттік ішімдік ішіп, масаң күйінде вагон тамбурында тоқтату кранын жұлып алған.

Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес оның "орташа дәрежедегі" алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды.

Сағыз станциясына келгеннен кейін құқықбұзушы акт бойынша пойыздан түсірілді. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 440-бабының 1-бөлігі ("Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келу"), 560-бабының 1-бөлігі ("Қажетсiз ретте пойызды заңсыз тоқтату") бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 10 айлық есептік көрсеткіш (34 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды, - дейді Атырау облысы көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: polisia.kz
Өзгелердің жаңалығы