Атырауда мал басы артты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылдың  қорытындысымен ірі қара малы 173,4 мың басты, түйе 32,4 мың басты, жылқы 83,8 мың басты, қой-ешкі 567,2 мың басты, құс 455,4 мың  басты құрады, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Өндірілген өнімдер: ет тірілей салмақта – 53,1 мың тонна, сүт – 61,8 мың тонна, жұмыртқа – 120,0 млн дана өндірілді. Бұл туралы ӨКҚ  өткен баспасөз мәслихатында ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Нұрлыбаев мәлімдеді. 
       
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін дамытуда  2018-2027 жылдарға арналған етті-мал шаруашылығын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама шеңберінде облысқа өткен жылы ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры мен аграрлық несиелер корпорациясы арқылы 750 бас мүйізді ірі қара, 7 000 бас қой малын сатып алу тапсырмасы артығымен, яғни мүйізді ірі қара  155%-ға,  қой малы 116%-ға орындалды, – дейді Қайрат Нұрлыбаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы