Атырауда Махамбет ауданының төрт ауылына су құбырын тарту жұмыстары басталады
Шілденің аяғында Бала Ораз, Атамбаев, Көздіқара, Есмахан ауылдарына жалпы ұзындығы 65 987,4 метр су құбырын тарту құрылысы басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасай отырып.
Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Жігербек Төлеуғалиевтің айтуынша, қазіргі таңда құрылысқа рұқсат алу үшін сараптамаға хат жолданған.
Мемлекеттік сараптамадан рұқсат келген соң, жұмыстарды бастаймыз. Мердігер мекемелер анықталды. Жоспар бойынша Бақсай ауылдық округіндегі Есмахан ауылын - 6, Көздіқараны - 5, Ақтоғай ауылдық округі Атамбаев ауылын - 7, Бала Ораз ауылындағы жұмыстарды 2 айда аяқтаймыз. Оның нәтижесінде ауыл тұрғындары таза ауыз сумен толық қамтылады, - деді Ж.Төлеуғалиев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
АҚШ онкологтары обырдан сақтанудың жолдарын айтты
Өзгелердің жаңалығы