Атырауда Лондондағыдай екі қатарлы туристік автобус пайда болды
Қала тұрғындары мен қонақтары туристік автобуспен Атырау қаласының ең көрікті жерлерін аралап, саяхат жасай алады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
60 орындық қоғамдық көлік арнайы белгіленген кесте бойынша сағат 20:00 бастап түнгі 02:00 аралығында жұмыс істейді.
Махамбет-Исатай алаңынан бастау алатын бағыт Сатпаев, Әбілхайыр хан көшесімен әуежайға дейін барады. Кері қарай Әбілхайыр хан көшесінен Сатпаев көшесіне түсіп, драмтеатрға дейін барып, Сатпаев көшесімен Махамбет-Исатай алаңына келеді, - деді «Akzhayik Avtopark» ЖШС-нің Эксплуатация бөлімінің басшысы Саламат Бахриденов.
Серуен құны – 500 теңге.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Екібастұзда екі балықшы суға батып кетті
Өзгелердің жаңалығы