Атырауда әлеуметтік қордың басшылары әлекке қалды

Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырау облыстық құрылыс басқармасы жанынан құрылған әлеуметтік қорлардың бірі жеке және заңды тұлғалардан қайырымдылық ретінде түскен 600 миллион теңгенің есебін біле алмай жатыр. 

Қор басшылары қаржыны Махамбет атындағы Атырау облыстық академиялық қазақ драма театрын жөндеуге және Арыс қаласындағы жарылыстан зардап шеккен үйлердің құрылысына көмек ретінде жұмсадық дегенмен, қор басшылары ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті қызметкерлеріне оны дәлелдейтін құжаттарды тауып бере алмаған. Бұл қордың мақсаты діни-мәдени ұйымдарға, аз қамтылған отбасылар мен спортшыларға және мүгедектерге материалдық көмек көрсету болып табылады. Негізі бұл қорға Атырау облысы құрылыс басқармасы аудит жұмыстарын жүргізуі керек екен.

Ережеге сәйкес, бұл қорға облыстық құрылыс басқармасы тексеру жүргізу керек. Түскен қаражаттың қайда, қалай түскенін анықтап, қорытынды берулері керек. Алайда олар аудит жүргізбеген. Қазіргі анықталған кемшіліктер бойынша Атырау облысы әкімдігімен бірге іс-шаралар жоспары жасақталып, жұмыстар жүргізілуде. Бұл жұмыстар кезеңмен жүзеге асады, – дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алдын алу және парасаттылық басқармасының басшысы Жәнібек Қаражанов.
Бұл қор 2007 жылы облыстық құрылыс басқармасы жанынан құрылған. Ал, аталған кемшіліктер қордың 2018-2019 жылдардағы жұмыстарын тексерген кезде анықталған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы