Атырауда коронавирустан үш адам жазылып шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысындағы Covid-19 жұқтырған алғашқы науқастардың бірі індеттен шықты.
Бүгін, 13 сәуір күні коронавирустан айыққан тағы үш емделуші инфекциялық стационардан шықты.Емделіп шыққандар қатарында - үшінші емхананың мейірбикесі, "Нұр-Сұлтан-Атырау" бағытындағы поезд бен "Стамбул-Атырау" рейсінің жолаушысы бар.
Жазылып шыққандардың барлығы өздерін жақсы сезінеді. Оларды медициналық мекемеден шығар кезде туыстары мен достары қарсы алды, - дейді штаб өкілдері.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қытайдан келген дәрігерлер өңірлерге барады
Келесі жаңалық
Жетісуда қысқы спорт дамымаған
Өзгелердің жаңалығы