Атырауда коронавирустан емделіп шыққандар саны 72 пайызға жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта Атырауда коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастардың 72 пайызы емделіп шыққан.
Яғни, КВИ сырқатымен тіркелген 10 383 науқастың бүгінде 7458-і құлан таза сауығып шыққан, деп хабарлайды Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.Бірақ, бұл нәтижеге босаңсуға болмайды. "Екінші толқынға" дайындықты күшейтуіміз керек. Дәрі-дәрмек, басқа да ұйымдастыру шараларын қабылдауымыз қажет. Онымен бірге ауруханалардағы жоспарлы емдеуді үш-төрт күнде бастаймыз. Тек қана коронавирус емес, басқа да есепте тұратын науқастар күнделікті емін алуы тиіс, – деді Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров.
Еске сала кетелік, қазіргі уақытта Атырауда 1170 инфекциялық кереует, 787 провизорлық кереует бар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Полицейлер карантин режимін бұзған 18 нысанды анықтады
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы