Атырауда коронавируспен күреске 2 мыңнан аса медқызметкер тартылған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында коронавирус індетімен күреске 2 мыңнан аса медицина қызметкері жұмылдырылған, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұдан бөлек, өңірде қазіргі уақытта 278 медицина қызметкері жетіспейді.

Қазіргі уақытта облыстағы дәрігерлер жетіспеушілігі мәселесі шешімін тауып жатыр. Ол үшін ішкі ресурстарды пайдалану туралы шешім қабылданып, медицина факультетінде оқитын жоғары курс студенттері пандемиямен күреске тартылды.

Өткен демалыс күндері Атырау облысына Батыс Қазақстан медицина университетінің 32 түлегі, еліміздің медициналық жоғары оқу орындарында оқып жатқан атыраулық 102 интерн мен резидент келді. Қалған 70 дәрігер бір айдың ішінде келеді деп күтілуде.

Айта кетейік, бұған дейін өңірге Ақтөбеден - 8 дәрігер, Ресей Федерациясынан - 11 дәрігер, Астрахан облысынан 5 дәрігер келген еді.

Бүгінде олар облыстағы медициналық мекемелерде қызмет атқаруда.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы