Атырауда корона-такси іске қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жедел-жәрдем жұмысын жеңілдету мақсатында Атырауда корона-такси іске қосылды, деп хабарлайды "Хабар 24".

Індеттің ілмегіне іліккелі бері жедел жәрдем қызметкерлері дамылсыз жұмыс істеп жатыр. Қазір оларға түсетін шақырту саны да артқан.

Жедел-жәрдем жұмысын жеңілдету мақсатында Атырауда корона-такси іске қосылды. Қауіпсіздік ережелері қатаң сақталған. Қазір екі корона-такси тек түнгі ауысымда қызмет етеді. Алдағы уақытта олардың санын көбейту жоспарланып отыр. Бұл қызметті қызуы көтерілгендер, коронавирус пен пневмонияның симптомдары байқалған тұрғындар пайдалана алады. 

Жедел-жәрдем ретінде бригада жұмыс жасайды. Бір жүргізуші , бір фелдшер жұмыс жасайды. Олар ковид ауруларына, пневмония ауруларына және ковид күдігі бар науқастарға барып, көмек көрсетеді. Короновирустық науқастар манағы ауруханадан шығып, немесе үйлерінде жалғыз өздері болып, дәріханаға барып, дәрілерін ала-алмай жатса, корона-такси көмек көрсете алады. Жедел-жәрдем бригадаларындағыдай планшет болады. Сол арқылы көмек көрсетіледі, – дейді облыстық жедел жәрдем қызмет стансасы директорының м.а. Нарғыз Баймолдаева.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы