Атырауда көпқабатты үйдің дәлізінде дәрет сындырған ер адам ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 15 желтоқсан күні фейсбук әлеуметтік желісінде қала тұрғыны өзі тұратын көп қабатты үйдің дәлізінде белгісіз ер адамның кіші дәрет сындырып кеткендігі жөнінде жазба қалдырған болатын.
Полицейлер аталған дерек бойынша бейнебақылау камерасындағы жазбаларды зерттеу арқылы оның 1980 жылғы қала тұрғыны екендігін анықтады. Дәліз ішінде дәрет сындырған 41 жастағы азамат өзінің сол кезде мас күйде болғандықтан есін білмейтіндігін айтып ақталған, - деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаменті.
Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-2 бабының 1 бөлігімен (Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау) әкімшілік хаттама жасақталып, 14 585 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Нұр-Сұлтан әкімдігі карантин бұзушылардың тізімін жариялады
Келесі жаңалық
Ақтөбеде 500 адам баспана құқығынан айырылған
Өзгелердің жаңалығы