28 Ақпан 2026, 19:07
Фото: ©BAQ.KZ архиві/ Арман Мухатов
Атырауда көпқабаттағы үйдегі өрттен 7 адам құтқарылды
Оның ішінде, бесеуі – балалар.
Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері тоғыз қабатты тұрғын үйде шыққан өрт кезінде жеті адамды құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ТЖМ мәліметінше, Атырау қаласындағы Алмагүл шағынауданында орналасқан тоғыз қабатты үйдің кіреберісіндегі екінші қабатта қысқа тұйықталу болған. Соның салдарынан екінші және үшінші қабаттардағы электр қалқандары өртенген.
ТЖМ күштері баспалдақ арқылы 7 адамды, оның ішінде 5 баланы құтқарды, сондай-ақ 36 адам, оның ішінде 10 бала эвакуацияланды, – делінген хабарламада.
Өрт қысқа уақыт ішінде толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.