Атырауда көппәтерлі тұрғын үйдің жанында 5 гараж өртенді

ТЖМ күші жедел жұмылдырылып, өрттің таралуына жол берілмеді. Сонымен қатар, гараждың біреуінен автокөлік қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқыс оқиға 4 қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің жанында болған. Гарждардың бірінен тұтанған өрт 5 гараждың жануына әкеп соқты.

Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында ауданы 180 шаршы метр өрт толығымен жойылды. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда, – деп жазды ТЖМ баспасөз қызметінен.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы