Атырауда көпірден секірген әйел аман қалды
Атыраулық құтқарушылар көпірден секірген әйелді құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
13 қарашада 1999 ж.т. белгісіз әйел Атырау қаласының орталық көпірінен Жайық өзеніне секірді.
Хабарлама келіп түскен соң, шақыру орнына Атырау облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары шұғыл келіп жетті.
Құтқарушылар Берікқали Айдаров, Ернар Әнуарбеков және Айдын Бағыттың жедел әрекеттері нәтижесінде әйел аман-есен құтқарылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Синоптиктер 9 өңірде ескерту жариялады
Өзгелердің жаңалығы