Атырауда көлік мұзға құлап, жүргізуші қаза тапты
Қайғылы оқиға бүгін, 28 қаңтарда Көкарна кентіндегі Жайық өзенінде болды, деп хабарлайды BAQ.KZ atpress.kz-ке сілтеме жасап.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 28 қаңтар күні сағат 13:08 шамасында Атыраудың Көкарна кентінде жеңіл көлік мұзға құлап, салдарынан 31 жастағы жүргізуші көз жұмды.
17 жастағы жолаушы жақын жердегі облыстық ауруханаға жеткізілді.
Оқиға орнына 4 құтқарушы мен 1 техника жұмылдырылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы