Атырауда көлігінің алдына мемлекеттік туды жайған жүргізуші жауапкершілікке тартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көлігінің алдына мемлекеттік туды жайған атыраулық жүргізуші жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 16 тамыз күні Атырау қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері Еркінов-Амандосов көше қиылысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын автокөлігінің капотына жауып келе жатқан Kia Rio автокөлігін анықтады.
Хабарлама бойынша Полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жіберілді.
Аталған автокөліктің 38 жастағы жүргізушісі Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану ережесін бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 458-бабы 1-бөліміне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, қысқартылған тәртіппен 72 925 теңге көлемінде айыппұл салынды, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бішкекте қазақстандық сауда-экономикалық миссия өтуде
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы