Атырауда халықаралық сапа күні аталып өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы АҚ Атырау филиалында 14 қараша – дүниежүзілік сапа күніне орай дөңгелек үстел ұйымдастырылды, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Жиынға техникалық реттеу және метрология комитетінің облыстық департаменті мен "ҚазСтИн" РМК АФ басшылары, сондай-ақ, өңірлік кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдері қатысты.
Шара барысында бірқатар кәсіпорындарға өңірдегі сапа идеяларын дамытуға қосқан елеулі үлесетері үшін алғыс хат табыс етілді. Ал, "Сапа көшбасшысы-2019" номинациясы бойынша "Жемчужина "Профилакториясы" ЖШС, "TESLA-TAH" ЖШС, "Denge-Энергия" ЖШС лайықты деп танылып, арнайы дипломдармен қатар, естелік мүсіншелермен марапатталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елорда әкімі депутаттарды газ тарату жұмысымен таныстырды
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы