Атырауда халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысын бастады
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырауда халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысын бастады. Бірақ тұрғындар 1414 байланыс орталығы немесе egov.kz сайтындағы арнайы сервис арқылы кезек уақытын алдына ала брондау қажет екен.
Атырау облысы әкімдігінің жанындағы төтенше жағдай тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі штаб шешімімен бүгіннен бастап қалалық 1, 2 және 3 бөлімдер, сонымен қатар мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы жұмысын бастады. Алайда, азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс тәртібін өзгерту туралы шешім қабылданды. Электронды форматта қолжетімсіз, тек "қағаз" жүзінде көрсетілетін қызметтерді ала алады. Бізге келу үшін 1414 байланыс орталығы немесе немесе egov.kz сайтындағы арнайы сервис арқылы кезек уақытын алдына ала брондау қажет. Бұл азаматтардың ХҚО-да көптеп жиналуын болдырмайды және вирусты жұқтыру қаупін жояды, осы ретте қызмет алушылар да өз уақытын үнемдейді. Алдын ала брондаусыз еш қызмет көрсетілмейді. Онлайн қызметтерді жылдам әрі ыңғайлы алу үшін азаматтар 1414 нөміріне хабарласа алады, онда ХҚО операторлары кеңес беретін болады. Жұмыс уақыты дүйсенбі мен жұма аралығында 09.00-17.00, ал сенбі күні 9.00-14.00 дейін, - дейді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы АҚ Атырау облысы бойынша филиалының баспасөз хатшысы Нұрлыбек Бақтығалиұлы.
Дегенмен зейнеткерлер, көп балалы отбасылар және мүгедектер электрондық қызметтерді орталықтардан ала алады. Әр фронт-офисте олар үшін жеңілдік терезесі жұмыс істейді екен. Олар да ХҚО-ға баратын уақытын алдын ала брондауы керек.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы