Атырауда кәсіпкерлер саны артуда

Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырауда өткен жылы 2000-ға жуық жұмыссыз «Бастау» бизнес жобасы арқылы оқып, 300-ден астам бизнес жоба қорғаған. 

Олардың біразы ауылшаруашылығын қолдау қоры және екінші деңгейлі банктер арқылы 174 млн теңгеге қаржыландырылған. Бұл туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының АОФ директоры Абдолла Идресов баспасөз брифингінде айтты. Сондай-ақ, палата жұмысын оңтайландыру мақсатында цифрландыру мәселесі жүйелі жолға қойылуда. Енді бизнес өкілдері кеңесті онлайн және офлайн түрде ала алады. 

Биыл кәсіпкерлердің 5 млн 500 мың теңгеге бағаланған мүлкі қорғалған. Құқық қорғау органдары тарапынан да кәсіпкерлерді тексеру азайған. Мысалы, 2017 жылы бизнес нысандарға 6000-ға жуық тексеріс жүргізілсе, 2018 жылы бұл 5 есеге дейін азайған. Дегенмен, кәсіпкерлер кейбір мемлекеттік органдардың тарапынан кедергілерге тап болып жатады екен.

«Бүгінгі күні 5 айдың қорытындысы бойынша, Атырау кәсіпкерлер палатасына құқығы бұзылған 120 кәсіпкерлерден арыз келіп түсті. Олардың 41 арызы оң шешімін тапты. Қалған арыздар қаралу үстінде. Көбіне көп құрылыс, жер, архитектура саласында шағымдар жиі түседі. Сонымен қатар, салық, азаматтық құқықтық бизнес өкілдері арасында арыз шағым көп», - дейді «Атамекен» ҰКП АОФ директоры Абдолла Идресов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы