Атырауда кәсіпкерлер қайтарымсыз грант қаржысын мақсатсыз жұмсаған

Атырау облысында 21 кәсіпкердің қайтарымсыз грант қаржысын бюджетке қайтаратыны белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атырау облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бөлім басшысы Сәттіғұл Сабыровтың мәліметіне сәйкес, мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз грант түрі көп.

Мұндай қаржы ұсынылған жобаларды іске асыруға жұмсалуы тиіс. Алайда, мониторинг қорытындысымен ұсынылған бизнес жобалардың іске асырылмағаны, грант қаржысын қолма-қол жұмсау дерегі анықталды, - деді Сәттіғұл Сабыров.

Оның айтуынша, осындай себеппен сотқа талап қою арызы жолданған.

Бүгінге дейін 13 кәсіпкерге қатысты сот шешімі шықты. Сот шешіміне сәйкес олар 20 млн теңгеге жуық қаржыны бюджетке қайтаруы тиіс

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы