Атырауда карантин режимі күшейтілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері облыста карантиндік шараларды күшейту туралы Қаулы қабылдады.

Бас санитардың қаулысында көрсетілгендей, 12 қазан күні сағат 00.00-ден бастап карантиндік шаралар күшейтіледі.

Облыстың бас санитарлық дәрігерінің қаулысына өзгерістер енгізілді:

Қоғамдық тамақтану орындарының, мейрамханалар мен кафелердің, сондай-ақ ірі супермаркеттердің жұмыс уақыты 22.00-ге дейін қысқарады

Жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың жалпы жұмыс жасау уақыты 17.00-ге дейін қысқарады;

Сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің (бутиктердің), сауда желілерінің қызметіне, азық – түлік бөлімдері мен дәріханаларды қоспағанда жұмыс жасау уақыты сағат 22:00-ге дейін қысқарады

Жаттығу залдарының, фитнес-орталықтардың,спорт секцияларының, спорттық-сауықтыру орталықтарының қызметі тоқтатылады

Саяхаттау катерлер қызметі (өзен трамвайы) тоқтатылады

Демалыс және мереке күндері: 

Азық-түлік супермаркеттері мен олардағы дәріханаларды қоспағанда, сауда және ойын-сауық орталықтарының (бутиктер), сауда үйлерінің, сауда желілерінің қызметі тоқтатылады;

Азық-түлік емес және азық-түлік жабық базарлардың қызметі тоқтатылады;

Қоғамдық орындарда маска кию режимін сақтау маңызды болып қала береді!

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы