Атырауда карантин режимі күшейді
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырауда карантин заңдылықтары күшейді. Сәуірдің 17-сінен мамырдың 1-іне дейін барлық қоғамдық көліктер мен таксилердің қызметі тоқтайды.
Жергілікті жедел штабтың айтуынша мұндай өзгерістің енуіне атыраулықтардың карантин ережелерін сақтамауы себеп болған. Төтенше жағдай басталып, карантин енгізілгелі 408 адам тәртіп бұзған, оның 144-і соттың қаулысымен қамауға алынған.
Өкінішке орай, Атырау халқы карантин заңдылықтарына бағынбады. Қазір облыста қауіпті инфекция жұқтырғандар саны 70-ке жетті. Сондықтан өңірде індетті өршітіп алмау үшін біз ережелерді күшейттік. Енді атыраулықтар жұмыс орнына бару, тамақ, дәрі-дәрмек және негізгі қажеттіліктерді сатып алу, медициналық көмекке жүгіну таңғы сағат 06:00 мен кешкі сағат 20.00-ге дейін ғана шығуға рұқсат етілген. Сонымен қатар, 21:00-ден 06:00-ге дейін Атырау қаласында азаматтар мен көлік құралдарының қозғалысына толық тыйым салынады. Тек қана мемлекеттік қызметкерлерге, құқық қорғау орындарына, жедел жәрдем және жедел медициналық көмек көрсетушілер, өрт сөндіру, құтқару, коммуналдық қызметер, сондай ақ, стратегиялық нысандар мен тіршілік әрекеттерін қамтамасыз ету объектілерінің жұмысшыларына рұқсат етіледі. Алайда олардың барлығы рұқсат қағаздармен жүре алады, - деді Атырау облысының бас санитарлық дәрігері Темірбек Мұсағалиев.
Сонымен қатар облыстық жедел штаб кейбір әлеуметтік желілерде жалған ақпараттар тарап жатқанын айтты.
Жергілікті тұрғындар арасында жалған ақпараттардң салдарыаан түсінбестіктер туындап жатыр. Оның бірі азық-түлік сататын сауда орындарының толықтай жабылатындығы. Бұл теріс ақпарат. Мұндай жалған жазбалар таратқандар тәртіпке тартылады. Сондықтан ресми мәліметтерге ғана сенулеріңізді сұраймыз. Сонымен қатар қазір өз қызметін қашықтан, яғни тағамдарын үйге жеткізіп беруге рұқсат етілген асхана, мейрамханалар барлық санитардық талапқа сай болуы тиіс. Сондай ақ. Атырау тұрғындарына тұрғылықты жерлерінен тыс жерде медициналық маска тағып, қолдарына бір реттік қолғап киюге кеңес береміз. Аса қажеттілік туындамаса 65 жастан асқан адамдар үйден шықпауы шарт, - деді Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов.
Сонымен қатар облыстық полиция департаментінің мәліметінше қаланың шыға берістеріне 4 бөгет бекет орналасқан. Оны 40 полицей, 56 әскери қызметкер күзетіп тұр. Оған қоса 8 дәрігер мен 8 әкімдік өкілі бар. Олардың барлығы сақтану құралдарымен, бетперде, қолғап, антисептиктермен тұрақты қамтамасыз етілген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
СҚО ауылдарында су тасқынының қаупі сейілді
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы