Атырауда ішімдік ішетіндер азаймай тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда жыл басынан бері 1 723 адам қоғамдық орында мас жүргені үшін жауапкершілікке тартылған. Бұл туралы облыстық Полиция департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.

Мәселен, 9 шілдеде сағат 02:08 шамасында 102 операторына Атырау қаласындағы С.Датов көшесінде орналасқан балалар алаңында ер адамдардың ішімдік ішіп отырғаны туралы хабар түсті. Патрульдік полиция қызметкерлері сол жерде ішімдік ішкен 4 ер адамды медициналық куәландыру орталығына жеткізді. Сараптаманың қорытындысымен 24, 25, 26 жастағы жігіттердің орта дәрежедегі мас күйде болғаны анықталды, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Алкогольдік ішімдік ішкендерге ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 440-бабының 1-бөлімімен (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) әкімшілік хаттамалар толтырылып, әрқайсысына 7 292 теңге көлемінде айыппұлсалынды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы