Атырауда ірі есірткі арнасы жойылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 6 наурызда Атырау қаласында ҰҚК департаментінің қызметкерлері каннабистік топтағы есірткіні өңірлік жеткізуге қатысы бар деген күдікпен үш азамат ұстады.
Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарады.
7 наурызда алдын ала деректер бойынша, есірткі арнасының ұйымдастырушысы болған топтың тағы бір қатысушысы ұсталды.
Процессуалдық іс-шаралар барысында заңсыз айналымнан 61 кг-дан артық «марихуана» есірткісі алынды, оның «қара нарықтағы» құны 60 млн. теңгеден артық сомаға бағаланып отыр.
Осы фактілер жөніндегі сотқа дейінгі материалдар ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша СТБТ-ға тіркелді.
Атырау облысының тергеу соты көрсетілген адамдарға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы