Атырау газ өңдеу зауытын салу жобасы қоғамда қызу талқылануда
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырау облысында газ өңдеу зауытының салынуына қоғам белсенділері наразы. Өйткені алып кешен қаладан 60 шақырым, ал Мақат ауданынан 12 шақырымдай қашықта орналасады.
Сондықтан олар халықтың денсаулығына зиян келуі мүмкін деп алаңдап жатыр. Бірақ жергілікті атқарушы органдар бұл жобаның ешқандай зияны жоқ, керісінше, экономикамызды арттыруға үлесі зор дейді.
Біздің облыстан ілеспе газды кәдеге жаратуға үлкен зауыт салуға «Gpc investment» компаниясы өз ұсыныстарымен келді. Еліміз бойынша 5 мың млрд текше метр көгілдір отын жетіспейді. Сондықтан жоба маңызды. Олар зауытты өз қаражаттарына салмақшы. Құрылыс әлі басталған жоқ. Жобалау жұмыстары жүріп жатыр. Өткен жылы қараша айында олар қоғамдық тыңдау өткізуге ұсыныс жасады. Сол бойынша біз арнайы сайттарға хабарлама бердік, - дейді Атырау облысы табиғи ресурстарды және табиғатты қорғау басқармасының басшысы Қадыржан Арыстан.Осы бойынша Мақат ауданы халқымен қоғамдық тыңдау өтті. Алайда Атыраудың қоғам белсенділері бұл жобаның зияны болатынын айтып, шағым жасаған.
Дегенмен бұл жоба біздің еліміз үшін өте маңызды. Газды пайдаға асырамыз. Зауытта зиян келтіретін булану алаңы да болмайды. Еуропаның ортасында талай зауыт тұр. Жаңа технологиялармен жасақталады. Сондықтан біз жергілікті атқарушы орындар, құзырлы органдар, қоғам белсенділері компанияның технологияларын егжей-тегжейлі қарауымыз керек. Ал облыс әкімдігі бұл жобаны толықтай құптайды. Өйткені әр нәрседен кемшілік іздесек, онда экономикамыз дамымайды, - дейді Қадыржан Арыстан.Зауытты салуға «Gpc investment» компаниясы 86 гектар жер алған. 860 млн доллар инвестиция құймақ. Компания өкілдерінің айтуынша, ауаға тарайтын лас қалдық 1000 метрден аспайды. Жергілікті әкімдік бұл мемлекеттің қаржысына салынбайды, жеке компаниялардан шығатын шығын, сондықтан мүмкіндікті жіберіп алмауымыз қажет деп отыр. Сондай-ақ, әлі де болса қоғам белсенділерінің ұсыныстары тыңдалады екен. Жоба іске асса, Атырау облысынан 2,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елдің несиесі қашан толығымен кешіріледі?
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы