Атырауда Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған апталық қорытындыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда көрнекті ақын Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған апталық қорытындыланды, деп хабарлады Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
«Қасиетті Атырау жерінде кешелі бері шоқтығы биік, мағынасы терең үлкен шара өтіп жатыр. Асқақтатып жыр, күмбірлетіп күй төккен тамаша кешті ұлт рухының мерекесі деуге болады. Осылайша поэзия падишасына арналған мәдени шаралар өз мәресіне жетті, аздаған қимастық сезімі де жоқ емес», - деді ол.
Ал, апталықтың әр шарасын қалт жібермей, ақынның жыр шумағын жатқа айтқан облыс әкімі Нұрлан Ноғаев ел рухын асқақтар мұндай іс-шаралар жалғасын табады деген сенім білдірді.
«Фариза апамызға айтылар теңеу көп. Дегенмен, оның шыншылдығы мен жолдасқа, досқа деген адалдығы бір төбе. Бүгін, міне, соның куәсі болдық. Өйткені, апталық аясында өткен әр шараның басы-қасында елдің арда азаматтары болды. Олар бұл шараның мәртебесін көтергені сөзсіз. Алдағы уақытта мұндай шаралар жалғасын тауып, Фариза апамыздың шығармашылығы кеңейіп, елдің дамуына, өскелең ұрпақтың рухы биік болып қалыптасуына сеп болатын тәрбиелік шаралардың қатары артсын», - деді аймақ басшысы.