Атырауда этномәдени орталықтар Наурыз мерекесін тойлады

Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырауда этномәдени бірлестіктер Наурыз мерекесін тойлады. «Достық» үйінде киіз үй тігіліп, қазан асылып, кең дастархан жайылды. «Қазақстанда тудық, қазақтың барлық салт-дәстүрін құрметтейміз, ал Наурызды ерекше тойлаймыз» деген өзге ұлт өкілдері құшақтасып көрісіп, думандатты.


Қазақтың жаңажылдық мерекесін өткізіп жатырмыз. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын. Ұлттық ойындар ойнап, ән салып, қазақтың түрлі салт-дәстүрлеріне куә болудамыз, - дейді «Жаңғыру жолы» Жастар қозғалысының өкілі Георгий Кваряний. 


Наурыз мерекесі көп ұлттың ортақ мерекесі. Оған қоса жаңа жылымызда түрлі салттарымыз жаңарады дейді мейрамды ұйымдастырушылар.   


Ұлыстың ұлы күніне орай Қазақстан халқы ассамблеясының Атырау облыстық қоғамдық келісім кеңесі және этномәдени бірлестік өкілдерінің басы қосылып жатыр. Еліміздегі карантиндік шектеулерге байланысты қауіпсіздік шаралары сақталды. Бұл мерекенің ерекшелігі қазақтың ұмыт қалған салттарын жаңартып жатыр. Соның бірі «мойынтастар» дәстүрін өзге ұлт өкілдеріне көрсеттік. Жиналған өзге ұлт өкілдерінің барлығы біздің дәстүрлерімізді ерекше құрметпен тамашалауда, - дейді Атырау облысы қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Нұржан Ермұханов. 


Мерекелік шарада жастар да өнер көрсетті. Ал үлкендеріміз бата беріп, елге бірлік тіледі.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы