Атырауда есірткі сақтаған және сатқан ШҚО мен Жамбыл облысының тұрғындары ұсталды

Олардың қаланың ықшам аудандарында жасырып қойған бірнеше синтетикалық есірткі заттары тәркіленді, деп хабарлайды BAQ.KZ polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Синтетикалық есірткіні сақтаған деген күдікпен Шығыс Қазақстан облысының 1981 жылғы тұрғыны анықталды. Сараптама қорытындысымен тәркіленген есірткіның салмағы 64,2 гр Альфа-PVP екені белгілі болды. ҚК 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сонымен қатар Атырау қаласының Нұрсая ықшам ауданында «синтетиканы» аса ірі мөлшерде жасырын тығу әдісі арқылы сатумен айналысып жүрген 1987 жылғы Тараз қаласының тұрғыны ұсталды. Алынған зат салмағы гр Альфа-PVP және 128,31 гр мефедрон синтетикалық есірткі екені анықталды. ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу әрекеттері басталды, - делінген хабарламада.

Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: polisia.kz
Өзгелердің жаңалығы