15 Қараша 2026, 21:49
Фото: Скриншот
Атырауда ер адам Жайық өзеніне секіріп кетті
Кейін ер адам жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.
Атырау қаласындағы Әлиев көпірі маңында ер адамның Жайық өзеніне секіргені туралы 112 нөміріне хабарлама түскен.
Оқиға орнына жедел жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері жүзу құралының көмегімен азаматқа жетіп, оны судан шығарып, жағаға жеткізді.
Кейін ер адам жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.
ТЖМ азаматтарды өз өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырады және төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне хабарласу қажеттігін еске салады.