Атырауда ер адам отбасылық жанжалдан соң өз-өзін өртеп жіберді

Атырауда ер адам отбасылық жанжалдан соң өз-өзін өртеп жіберді, деп хабарлайды BAQ.KZ Atyrau online-ға сілтеме жасап.

Оқиға Доссор кентінде болған. Ер адам отбасылық жанжалдан соң үстіне бензин құйып, өз-өзін өртеген.

13 қаңтарда сағат 16:45 шамасында Мақат аудандық полиция бөлімінің 102 арнасына Доссор кенті Б. Аймағамбетов көшесінде орналасқан тұрғын үйлердің бірінде ауданның 1961 жылы туған түрғыны өзін-өзі өртеп жібергені туралы хабарлама түсті. Аталған хабарлама бойынша ер адам денесінің 70%-ын күйік шалып, Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді, - делінген Атырау облыстық полиция департаментінің ақпаратында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Архив BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы