Атырауда ер адам көшеден өлі табылды

Атырау қаласындағы орталық алаңда 60 жастағы жұмысшы көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға бүгін, 4 маусымда жергілікті уақытпен сағат 11:38 шамасында Атырау қаласында болған. WhatsApp мессенджері мен әлеуметтік желіде тараған ақпаратты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

Бүгін Атырау қаласының орталығында 1963 жылғы ер адам қайтыс болған. Оқиға орнына жедел тергеу тобы барып, тексеру жүргізді. Марқұмның денесінде жарақат жоқ. Алдын ала болжамға сәйкес, ер адам денсаулығына байланысты қаза тапқан. Марқұм сол маңға жақын орналасқан құрылыс алаңында жұмыс істегені анықталды, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы