Атырауда ер адам ата-анасын өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсаған

Атырауда полиция екі кісіні өлтіру және өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алдын ала мәліметтер бойынша, 25 жастағы ер адам 65 және 58 жастағы ата-анасын өлтіріп, содан кейін өзіне қол жұмсаған.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады Атырау облысы ПД баспасөз қызметі.

Қылмыстың мән-жайы жария етілмейді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов -архив
Өзгелердің жаңалығы