Атырауда энергия нысандарының қауіпсіз қызметі қамтамасыз етілді
Қазіргі уақытта Атырау қаласы бойынша қауіпті учаскелерде орналасқан электр бекеттері және әлеуметтік маңызы бар нысандардағы электр стансалары толықтай қоршалып тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.
«Атырау қаласы бойынша су басу қауіпі жоғары «қызыл аймақтарда» 5 қосалқы электр бекеті тұр. Аталған бекеттерді судан қорғау мақсатында құм толы қаптармен қоршау жасалды. Бұдан бөлек, әлеуметтік маңызы бар объектілердегі электр бекеттері қоршалды. Су тасқынына қарсы барлық іс-шаралар аяқталды. Су басқан жағдайда мамандарымыз күшейтілген режимдегі жұмысқа көшеді” дейді “Атырау Жарық” АҚ қалалық электр жүйелерінің бас инженері Тлеужан Меңдалиев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Биыл Жетісуда 103 мыңдай оқушы жазғы демалыспен қамтылады
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы