2 Қараша 2026, 13:51 Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Атырауда экстремистік топқа қатысы бар деген күдікпен 10 адам ұсталды

Атырау қаласындағы ұстаулар туралы

Атырау қаласында экстремистік топқа қатысы бар деген күдікпен 10 адам ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2026 жылғы 30 қазанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен Атырау қаласында сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде бір мезгілде 10 адамды ұстады.

Олар экстремистік топ құру, оған басшылық ету және оның қызметіне қатысу, сондай-ақ терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыруға күдіктелуде. Тергеу нұсқасы бойынша, қылмыстық топ мүшелері Қазақстанның батыс өңірінде конституциялық құрылыс негіздерін күшпен өзгерту мақсатын көздеген. Фигуранттардың тұрғылықты жерлерінде жүргізілген тінту барысында атыс қаруы, есірткі, діни атрибутика, әдебиеттер және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді, - деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, ҰҚК баспасөз қызметі олар құрған балалар мен жасөспірімдерге арналған 3 жасырын оқу орталығының қызметі тоқтатылғанын мәлім етті. 

Топтың бірқатар мүшесі бұған дейін террористік және жалпы қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін сотталған. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, бұған дейін ҚР Терроризмге қарсы орталығы жастар неге радикалды топтардың арбауына түсетіні жөнінде хабарлады.