Атырауда екі жолаушылар автобусы соқтығысып, 6 адам ауруханаға түсті
Автобустың тежегіші істемей қалған.
22 маусым күні сағат 08:00 шамасында Атырау қаласының Амандосов көшесінде қоғамдық көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, «Yutong» маркалы автобустың тежегіш жүйесі істен шығып, соның салдарынан ол жол жиегінде тұрған дәл сондай «Yutong» маркалы басқа автобусқа соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан 6 жолаушы түрлі дене жарақаттарын алып, облыстық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп, қажетті материалдар жинақталуда. Полиция жүргізушілерге көлік құралдарының техникалық жағдайын мұқият қадағалау және жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын бұлжытпай орындау қажеттілігін ескертеді, - деп хабарлады Атырау облысының ПД баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Астанадағы Лесозавод ауданында автобус пойызбен соқтығысты.
- Оңтүстік Кореяда рекордтық ыстықтан егістікте картоп «пісіп» жатыр 10:45
- Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерін көбірек өңдей бастады – сарапшы 10:35
- Неліктен қалалықтарға қарағанда ауыл тұрғындары сайлауда белсенді болады? – Сарапшы түсіндірді 10:21
- «JASTAR CAMP»: Қазақстанның 500-ге жуық жасы «Әділет» партиясымен кездесті 10:05
- «Рекультивация» деген сылтаумен 1 млрд теңгенің марганец кенін өндірген топ ұсталды 09:51
- Тоқаев Пәкістан Премьер-министрінің Астанаға сапарын асыға күтетінін айтты 09:45
- Түркияда туристік кеме өртеніп, 115 жолаушы құтқарылды 09:33