Атырауда екі бала суға батып кетті

20 шілдеде Көкарна шағын ауданы тұсында Жайық өзенінде болжам бойынша 2010 және 2011 жылы туған екі жасөспірім суға батып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ AtyrauPress-ке сілтеме жасап.

2010 жылы туған жасөспірімдердің бірінің денесін ТЖД құтқарушылары сағат 19.30-да 4,5 метр тереңдіктен шығарды. 2011 жылы туған екінші жоғалған жасөспірімді іздестіру-жұмыстары жалғасып жатыр.

Іздестіру жұмыстарына ТЖД 15 жеке құрамы, 5 жүзу құралы жұмылдырылды. Қайғылы оқиғалардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Атырау облысының аумағында шомылу маусымы биыл әлі ресми түрде ашылмағанын хабарлаймыз. Рұқсат етілмеген жерлерде шомылу қауіпті, соңы қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін. Облыстың тұрғындары мен қонақтарын сақтық шараларын сақтауға және рұқсат етілмеген, жабдықталмаған жерлерде шомылудан бас тартуға шақырамыз, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы