Атырауда Дамбы ауылдық округінде амбулатория ашылды
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жоба шеңберінде Дамбы ауылдық округінде Амангелді селолық амбулаториясы жұмысын бастады, деп хабарлайды , деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында айтылды.
Бұл мемлекет басшысының бастамасымен ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаның шеңберінде салынған биыл 7-ші нысан. Жалпы ауданы 902 шаршы метрді құрайтын ғимаратта күндізгі стационар, зертхана, физиотерапиялық және басқа да медициналық көмек көрсетуге жағдай жасалған кабинеттер бар.
Қала күнімен тұспа-тұс келген жаңа типтегі Амангелді селолық амбулаториясының ашылу салтанатымен шын жүректен құттықтаймыз. Халыққа толыққанды қолжетімді көмек көрсететіндей заманауи жабдықтармен жабдықталған ғимаратта енді тұрғындар қажетті емдерін толық ала алады, - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Абдалиев.
Айта кетейік, медициналық нысанға тапсырыс беруші – Атырау облыстық құрылыс , сәулет және қала құрылысы басқармасы.