Атырауда Covid-19 жұқтырғандар саны 70-ке жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дәрігерлер коронавирустық инфекцияның өңірдегі ахуалы туралы баяндады, деп хабарлады Атырау облысының Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабы.
Атырауда коронавирус жұқтырудың тағы 1 оқиғасы тіркелді. 42 жастағы жергілікті тұрғын бұрын Covid-19 дертіне шалдыққан адаммен байланыста болған. Ер адам инфекциялық стационарға жатқызылды, жағдайы қалыпты. Оған хаттамаға сәйкес ем шаралары жүргізілу үстінде. Осылайша, Атырау облысында вирус жұқтырғандар саны 70 адамға жетті, ал 12 адам жұқпадан айығып кетті, - делінген ақпаратта.
Қазіргі уақытта инфекциялық стационарда - 58, провизорлық стационарда - 17, карантиндік стационарда - 406 адам бар. Сондай-ақ, үй карантиніне 819 адам жатқызылған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ҚазАқпаратта онлайн-концерт жалғасады: әлемнің виртуоз-хомусшысы Юлияна Кривошапкина
Келесі жаңалық
Атырау тұрғынынан сібір жарасының белгісі анықталды
Өзгелердің жаңалығы