Атырауда бос орындар жәрмеңкесі өтті
Республика күніне орайластырылған жәрмеңкеге бас-аяғы 44 ірі кәсіпорын қатысты, деп хабарлайды Атырау облысындағы BAQ.KZ тілшісі.
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы өткізген шараға бірнеше мемлекеттік мекеме мен Полиция Департементінің өкілдері келді.
Бүгінгі жәрмеңкеге «Tenaz Management», «Сичим С.п.А Казахстан», «Денхолм-Жолдас», «АНПЗ», «Велесстрой», «ЮСС Суппорт Сервисез», «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc (KPI)», «Фиркрофт Инжиниринг Сервисиз Лимитед Қазақстан», «FSSA», «Бекболатовтар Құрылыс компаниясы», «Батыс Альянс Строй» және тағы басқа да өңірдегі құрылыс компаниялары мен кәсіпорындар қатысып, 1000-нан аса бос вакансия ұсынды. Олардың 500-ден астамы жұмысшы мамандықтары болса, 400-ге жуығы инженерлік позициядағы ваканттық орындар. Жәрмеңкеге қатысушыларға «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» Ұлттық жоба шеңберінде көрсетілетін әлеуметтік қолдау шаралары туралы да ақпарат берілді, - деді Е.Әбілқасымов.
Биыл жауапты басқарма осындай 36 жәрмеңке ұйымдастырған. Соның аясында 700-ден астам адам тұрақты жұмысқа орналасты. Ал қызметке кіріскендер басқарма мамандарының бақылауында болмақ.