Атырауда бокстан V жастар ойыны басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Спорттық шараның ашылу салтанаты «Атырау» спорт кешенінде өтті.
Оған облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова, облыстық бокс федерациясының президенті Шухрат Данбай, ҚР еңбегі сіңген спорт шеберлерлері қатысты.
Тәуелсіздік жылдарынан бері спортшыларымыздың спорттың әр түрінен байрақты бәсекелерде топ жарып, ел абыройын асқақтатып жүргеніне куә болып келеміз. Егемен Қазақстанымыздың рухы биік, ерік-жігері мықты, дені сау жас ұрпағын тәрбиелеуде мұндай спорттық шараның маңызы зор, - деді Бақытгүл Хаменова.
Төрт жылда бір өтетін спорттық сайыста 11 салмақта 400-ге жуық жас былғары қолғап шебері бақ сынауда. Ақтық сындар 23 мамырда өтеді.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Түйе палуандар» анықталған еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Көліктерге автобус жолағымен жүруге рұқсат берілмек
Өзгелердің жаңалығы