Атырауда биыл 3 мыңнан астам түлек ҰБТ тапсырады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда ҰБТ-ның алғашқы кезеңі басталды, деп хабарлады Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

 Бүгін, 21 маусым күні Х.Досмұхамедов атындағы АМУ-нің тестілеу орталығында 222 талапкер ҰБТ тапсырды.

ҰБТ ашық алаңда ұйымдастырылды.  


Тест тапсырушылардың барлығы санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес, дезинфекцияның 5 кезеңінен өтті.  

Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының АМУ-дегі филиалының жетекшісі Айнагүл Дүйсекенова мәлімдеді.


Мектеп түлектері емтиханға онлайн режимінде өтініш берді. Тест тапсырмас бұрын барлық  өтініш берушілердің, қызметкерлер мен комиссия мүшелерінің дене қызуы өлшенді. Тест тапсырушылар арасындағы арақашықтықтың кемінде 2 метр болуы қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, кіреберісте әр үміткерге жаңа медициналық маскалар беріліп, екі сағат өткен соң оларға тағы да жаңа маскалар таратылды, - дейді Айнагүл Дүйсекенова.

Айта кетейік, биылғы жылы өңірде Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыруды 3 102 адам жоспарлап отыр, оның ішінде өткен жылы мектеп бітірген 2 254 түлек бар. 

Бүгін 6 тестілеу пункті ұйымдастырылған. Олардың біреуі облыс орталығында, бесеуі аудандарда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы